Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 822 бұйрығы (күші жойылды)

«Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 822 бұйрығы

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 440-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

 «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10513 болып тіркелген, № 61 (28539) «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 4 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 5-тармағына және 16-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді. Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку