Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 796 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 796 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«25) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;»;

98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«98) «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді;»;

153) тармақша алып тасталсын;

156) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«156) ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;»;

158) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 162-1), 162-2), 162-3) 162-4), 162-5), 162-6), 162-7), 162-8) және 162-9) тармақшалармен толықтырылсын:

«162-1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

162-2) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге тұлғаларға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку