«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 811 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 811 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген 1-бөлімде:
«Төсбелгілер» деген кіші бөлімде:
2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) «І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы»;»;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі - сипаттамалар)» деген 2-бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің төсбелгісі» деген кіші бөлімде:
«I дәрежелі «Шахтер даңқы» (11-қосымша)», «II дәрежелі «Шахтер даңқы» (12-қосымша)» және «III дәрежелі «Шахтер даңқы» (13-қосымша)» деген тараулар алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің төсбелгісі» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы тараулармен толықтырылсын:
«I дәрежелі «Шахтер даңқы» (47-6-қосымша)
I дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі диаметрі 52 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында және периметрі бойынша кертпесі бар алтын түстес металдан дайындалады.
Демо – версия документа