(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАУІПТІ ӨНДІРІС ОБЪЕКТІСІНІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗД...
Осы редакция 2018 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 640 бұйрығына 2-қосымша
«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.12.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.12.02. № 183 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет), Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне - қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу (бұдан әрі - декларацияны тіркеу).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электронды нысанда.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз) іс-әрекет
тәртібінің сипаттамасы
Редакция документа
Демо – версия документа