Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 814 бұйрығы

 «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 814 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес № 4-к және № 4-у нысандағы жолдама парақтарды тасымалдаушы алдыңғы жұмыстың (ауысымның, рейстің) жолдама парағын тапсырған жағдайда берілген күнін, мөртабанын немесе мөрін (бар болған жағдайда) көрсете отырып, алған күнінен бастап тиісті айдың соңғы күніне дейін ресімдейді.»;

386-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«386. Сынақ станциялары немесе сараптамалық ұйымдар(сарапшылар) беретін сынақ хаттамаларының оң деректері негізінде уәкілетті орган Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімде бекітілген нысан бойынша Куәлікті ресімдейді және осы Қағиданың 385-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге береді.».

17-қосымша алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку