«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығына 2-қосымша ) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 11-1-2/328 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 11-1-4/319 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтама.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;
2) 2-процесс - құжаттарды қарастыру, көрсетілетін қызметті алушының деректерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) ақпараттық жүйесіне енгізу - 1 жұмыс күн;
Документ утратил силу
Демо – версия документа