«Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына 1-қосымша) (2022.18.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021.17.06. № ҚР ДСМ-51 бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2022.18.12. берілген өзгерістермен)
1. Осы ««Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және осы ««Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Демо – версия документа