«Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 745 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 98-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетi) есебiнен қамтылған органдардың (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) басшыларына:
1) мыналар:
мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту;
мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі - ұйымдар) штат санының лимиттерін белгілеу;
мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражатты, сондай-ақ ұйымдардың әкімшілік шығыстарын қысқарту туралы шешімдерді дербес қабылдау;
Демо – версия документа