«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 Нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 Нормативтік қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы» 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 (Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 3, 2010 жылғы 25 маусымдағы № 5, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырыбында және кіріспеде:
«Қылмыстардан» деген сөз «Қылмыстық құқық бұзушылықтардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«реттейтін заңды қолдану тәжірибесі» деген сөздер «регламенттейтін заңнаманы қолдану практикасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«реттейтiн заңды соттардың» деген сөздер «регламенттейтін заңнаманы соттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша:
«80» деген цифрлар «76» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«процессуалдық» деген сөз «процестік» деген сөзбен ауыстырылсын;
«хұқығы», «хұқықты», «хұқықтары», «хұқыққа», «хұқықтарын», «хұқығынан», «хұқығына» деген сөздер тиісінше «құқығы», «құқылы», «құқықтары», «құқыққа», «құқықтарын», «құқығынан», «құқығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-тармақтағы «Конституция» деген сөз «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-тармақта:
«әрбір» деген сөз алып тасталсын;
«жөніндегі жәбірленуші болып» деген сөздерден кейін «,» белгісі алып тасталсын;
«қылмыс», «қылмысқа», «Қылмыспен» деген сөздер тиісінше «қылмыстық құқық бұзушылық», «қылмыстық құқық бұзушылыққа», «Қылмыстық құқық бұзушылықпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«моральдық немесе» деген сөздер алып тасталсын;
Документ находится в стадии обработки
Демо – версия документа