Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 929 Қаулысы (күші жойылды)

«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 929 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 643 Қаулысымен 2020 ж. 15 қарашадан бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) - 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингінің субъектілері беретін ақпарат уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникациялар желілері немесе уәкілетті органның веб-порталы арқылы ХМL форматында электрондық тәсілмен жолданады.

Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингінің субъектісі беретін ақпарат уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникациялар желілері, уәкілетті органның веб-порталы арқылы ХМL форматында электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жолданады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку