Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына 2-қосымша) (2022.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2018 жылғы 29 тамыздағы

№ 1349 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу

қағидалары

(2022.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары «Қазақстан Республикасының Патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацына сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік меншік объектілеріне берілген өтінімдерге құжаттардың дұрыс толтырылғандығын және формальды мен ресми сараптамадан тұратын сарапатама тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым;

2) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) - зияткерлік меншік саласында халықаралық саясатты және елдердің ынтымақтастығын қамтамасыз ететін және реттейтін халықаралық ұйым;

3) еуразиялық өтінім -1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім;

4) еуразиялық патент - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген патент;

5) конвенциялық өтінім - кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім;

6) өнеркәсіптік меншік объектісінің авторы - оны шығармашылық еңбегімен жасаған жеке тұлға;

7) өтінім - өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент беруге арналған өтінім;

8) сараптама ұйымы - шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;

9) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции