«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 504 бұйрығы
«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 504 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақытының теңгеріміне қарай оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы төлемінен басқа қызметкердің орташа жалақысы орташа сағаттық жалақыны орташа күндік жұмыс сағаттарының санына және оқиғаның күнтізбелік күндер санына көбейту жолымен есептеледі.
Орташа күндік жұмыс сағаттарының саны мынадай формула бойынша айқындалады:
ОртКЖС = ОртАЖС / ОртАКК * ККоқ, мұндағы:
ОртКЖС - орташа күндік жұмыс сағаттарының саны;
ОртАЖС - оқиғаның басына қолданыста болатын күнтізбелік жылдың жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жұмыс сағаттарының саны;
ОртАКК - оқиғаның басына қолданыста болатын күнтізбелік жылдың жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес мереке күндерін есептегемегенде күнтізбелік күндердің орташа айлық саны;
Демо – версия документа