Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 166 бұйрығы

«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 166 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«19) тізілімнің веб-порталы - Интернет желісінде: www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді құрылтайшы қабылдайды, ол туралы мәліметтерді құрылтайшы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға енгізеді.

Жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді келіседі.

Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға жол берілмейді.

Кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша шарттың қолданылу мерзімін ұзарту Сенімгерлік басқарушы Шартты тиісінше орындаған кезде жүзеге асырылады.

Сенімгерлік басқарушы шартта көрсетілген қолданылу мерзімін ұзарту ниеті туралы теңгерімді ұстаушыны жазбаша хабардар етеді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку