Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1093 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1093 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мақсаттарын, негіздерін және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсіндіру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кіріспе бөлік (кіріспе) беріледі.

Нормативтік құқықтық актінің кіріспе бөлігінде (кіріспесінде) іске асыру үшін осы акт қабылданатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер келтірілуі мүмкін.

Кiрiспе бөлiк (кiрiспе) нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларында жазылмайды.»;

43-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу олардың құзыретіне орай жүзеге асырылады, бұл ретте нормативтік құқықтық актінің жобасын келісудегі мұндай мүдделілік онда қаралатын мәселелердің мән-жайы негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптары ескеріле отырып белгіленеді.»;

45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку