(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ ҰШУ...
Осы редакция 2019 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 173 бұйрығымен
бекітілген
Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі
үлгі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулық (бұдан әрі - Үлгі нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (бұдан әрі - ҰҚБЖ) ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. ҰҚБЖ-ны іске асырудың жоспарын әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның басшысы бекітеді және ұлттық нормативтік құқықтық актілер, халықаралық стандарттар мен ұсынылатын практика негізінде әзірленеді.
3. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеу:
1) ұйымның ұшу қауіпсіздігі саласындағы мақсаттарына жауап беретін ҰҚБЖ-ны іске асырудың нақты стратегиясын дайындауына;
2) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін қажетті бірқатар бақыланатын қадамдарды жоспарлауға;
3) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін жауапкершіліктің шекараларын анықтауға ықпал ететін болады.
4. ҰҚБЖ-ны іске асырумен байланысты жұмыс жүктемесін тиімді реттеу үшін кезең-кезеңдік әдісті жүзеге асыру ұсынылады. Әрбір кезең ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) тұжырымдық шеңберінде ҰҚБЖ үшін нақты элементтерді қолданысқа енгізуге негізделеді.
5. Әрбір кезеңнің іске асыру мерзімдері ұйымның ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне сәйкес келеді.
6. ҰҚБЖ іске асыру жоспары мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау;
2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қою процестері;
3) ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжанатын процестері;
4) пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Редакция документа
Демо – версия документа