«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 801 бұйрығы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 801 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы «Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгі нысанына:
12-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) АЭА Қатысушысына Басқарушы компания ұсынатын қызметтер үшін сыйақы алуға;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Басқарушы компания:
1) АЭА аумағында әрекет ететін АЭА қатысушыларының қызметін жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына тұрақты негізде мониторингті жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісті түрде орындауға;
3) «бір терезе» қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс істеуі үшін қабылдау орындарын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсету;
4) АЭА аумағындағы мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы негізінде АЭА құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылғандығын Растауды беруге;
Демо – версия документа