«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 422 бұйрығы
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 422 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сертификаттық талаптар әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын әуе кемелерін (бұдан әрі - ӘК) пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.
Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ өзінің қаржылық-экономикалық жағдайын және құқық қабілеттілігін көрсетуге міндетті.
Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-санат, 2-санат және 3-санат болып үш санатқа бөлінеді.
1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.»;
Демо – версия документа