«Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына 6-қосымша) (2020.12.06. берілген толықтырулармен) (алып тасталды)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.12.06. № 226 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
6-қосымша
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022.07.02. № 46 бұйрығымен алып тасталды
«Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидалары
(2020.12.06. берілген толықтырулармен)
1. Осы «Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 5.3.1-тармағына сәйкес әзірленді және «Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;
2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
3) жұмыс беруші - жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
4) жұмыс орны - еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
5) жұмысқа орналастыру - халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
Документ утратил силу
Демо – версия документа