«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 450 бұйрығы
«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 450 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жүктерді тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделеді, ал үйіп (бос) тасымалданатын жүктердің кейбір түрлерін тасымалдаған жағдайларда, өлшеу актісімен немесе таразыға тарту актісімен ресімделуі мүмкін.
Автокөлік құралдарын уақыттық тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу бір жұмыс күні (ауысым) ішіндегі сағаттық есеппен жүргізіледі) автокөлік құралының жүрісін және жүк жөнелтушінің (жүк алушының) қарамағында болған уақытын көрсете отырып, жүргізушінің түскі үзіліс уақытын шегеріп жолдама парақта № 4-п нысаны бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазумен ресімделеді.
Автокөлік құралдарын, олардың жұмысын кесімді тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу тасымалданған тонналар үшін жасалады) жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жолдама параққа № 4-с нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазуымен ресімделеді.
Тауар-көлік жүкқұжаттарын, жолдама парақты жүк жөнелтушілермен (жүк алушылармен) ресімдеу қағаз тасығышта немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.»;
Демо – версия документа