«Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 326 бұйрығы
«Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 326 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына(Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу үшін тiркелушi (өтінім беруші) жеке өзі, почта арқылы немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда Ведомствоға мемлекеттік немесе орыс тілінде тіркеу досьесін ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) пестицидті (улы химикатты) тiркеу және өндiрiстiк сынақтарының нәтижелері туралы есептердің көшірмелері;
3) пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшелерінің құрамын анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижелері туралы есептердің көшірмелері;
4) пестицидттердiң (улы химикаттардың) өндірістік сынақтарын бағалау актісі;
5) пестицидке (улы химикатқа) қысқаша досье;
Демо – версия документа