Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1232 бұйрығы

«Кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1232 бұйрығы

 

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қғаидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) өтініш беруші - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынған және шағын көлемді кемелерді басқару құқығына теориялық білімін тексеруден өтетін Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам;»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау кезінде компьютерлік кешеннің тестілеу бағдарламасымен емтихан өткізу арқылы өтініш берушілердің теориялық білімін тексеру жүзеге асырылады.

Емтихандарды қабылдау мекенжайлары уәкілетті органның интернет-ресурсында көрсетілген Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді ресімдеуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку