«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 209 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтерін әзірлеу және бекіту;»;
69) және 70) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«69) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының патрульдеуін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
70) ұлттық қауіпсіздік органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қызметін үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
148) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«148) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
151) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«151) ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінің физикалық және техникалық қорғалуын қамтамасыз етуді үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
161) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«161) әскери қызметшiлердiң Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 163-1) және 163-2) тармақшалармен толықтырылсын:
Демо – версия документа