«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 17 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 17 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
«2. Ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) тәртібі» деген бөлімде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ведомстволық наградалармен марапаттау туралы мәселені шешу үшін мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеуге дейін, 2 айдан кешіктірмей кадр қызметіне мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныс;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі наградтау қағазы.»;
«3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген бөлімде:
«Құрметті автокөлікші» төсбелгісі» деген кіші бөлімде:
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес автомобиль көлігі саласында жалпы еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есеппен 20 жыл және одан да көп автомобиль көлігі саласының қызметкерлері марапатталады.»;
«Үздік автокөлікші» төсбелгісі» деген кіші бөлімде:
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа