(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БІРНЕШЕ РЕТ ЖАСАЛУЫН ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҒЫН СА...
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 Нормативтік қаулысы
(2011.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы қылмыстық заң нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
Қаулы етеді:
1. Қылмыстық заңды дұрыс қолдану азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан қорғауды, сондай-ақ сотталушыларға жасаған әрекетіне сәйкес әділ жаза тағайындауды қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі бір адам бірнеше қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін қажетті мән-жайларды анықтаған және жасалған әрекетті жалғаспалы (созылмалы) қылмыстың, қылмыстардың бірнеше рет жасалуының, қылмыстардың нақты және анық жиынтығының анықтаулары бар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 11 және 12-баптарының ережелерін ескеріп, саралаған жөн.
ҚР Жоғарғы сотының 2011.21.04. № 1 нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қылмысты бірнеше рет жасау ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының белгілі бір бөлігінде қаралған бірнеше қылмыстарды белгілі бір адамның жасауын көздейді.
Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған, не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.
ҚР Жоғарғы сотының 2011.21.04. № 1 нормативтік қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер бірнеше рет жасау қылмыстық-құқықтық нормада саралаушы белгі ретінде көрсетілсе, онда белгілі бір адамның бірнеше ұқсас қылмыстар жасауы осы қылмысты бірнеше рет жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша тұтастай саралауға жатады.
Редакция документа
Демо – версия документа