Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 538 бұйрығы

«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 538 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:

76-тармақ алып тасталсын;

187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«187. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларға, METAR немесе SPECI ақпарларына қосымша ретінде тікұшақтардың ұшуын қамтамасыз ету мақсатында ашық теңізде құрылыстарда орнатылған авиациялық метеорологиялық станцияларынан теңіз бетінің температурасы және жағдайы туралы ақпараттар енгізіледі.»;

204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«204. Арнайы бақылау мынадай жағдайларда әуе кемелерінің борттарынан жүргізіледі:

1) орташа және қатты турбуленттік;

2) орташа және қатты мұздану;

3) қатты тау толқыны;

4) жасырын, бүркелген ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша бұршақсыз найзағай;

5) жасырын, бүркелген ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша бұршақты найзағай;

6) қатты шаңды немесе қатты құмды дауыл;

7) жанартау күлінің бұлты;

8) ҰҚЖ-дағы тежеудің нақты тиімділігі бұрын хабарланғаннан ақпардан нашар болған кезде.»;

1-қосымшада:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Ауа райы мәліметтеріне енгізілетін қосымша бақылаулар мен ақпараттар:

1) борт ауа райының деректері;

2) шеңбер және 100 метр биіктігінде жел сипаттамаларын анықтау.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку