«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына 3-қосымша) (2019.06.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017.28.12. № 924 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 511 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен күші жойылды
«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық
құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.06.05. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.06.05. № 279 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) күнтізбелік күн;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа