«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 141 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 141 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілген штат саны лимитінің шегінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаменті Наурызбай ауданының әділет басқармасы» және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Қаратау ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мекемелер) құрылсын.
2. Мекемелерді қаржыландыру 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мекемелердің ережелерін бекітсін және олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Демо – версия документа