(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2010.15.07 № 110 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық
реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 15 шілдедегі № 110 Қаулысы
(2014.16.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті үтірден кейін үш белгісі бар санымен көрсетіледі.»;
екінші бөлігінде:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«К1 = ӨА-(М+RR1 немесе FR2)/ МЗА, мұнда:»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа