Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.26.02 № 139 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Байқоңырбаланс мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 139 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Мемлекеттік мекеме» деген бөлім алынып тасталсын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку