(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.21.02 № 103 БҰЙРЫҒ...
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 21 ақпандағы
№ 103 бұйрығымен
бекітілген
Осы редакция 2014 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу рәсімін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде.
Редакция документа
Демо – версия документа