(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ МИНИСТРІНІҢ 2014.10.02 № 23 БҰЙ...
Осы редакция 2014 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2014 жылғы 10 ақпандағы
№ 23 бұйрығына
7-қосымша
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - қағаз нысанында не электрондық құжат нысанында уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған куәлік.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтініш пен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі - өтініш) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің (бұдан әрі - орындаушы) көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркеу;
Өтініш қағаз тасығышта түскен жағдайда орындаушымен портал арқылы барлық жолдарын толтырумен тіркеу жүргізіледі;
Редакция документа
Демо – версия документа