Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.11.10 № 1050 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1050 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) «Мемлекеттік материалдық резервтің материялдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесінде:

2-тармақтың 1) тармақшасында «жағдайлардың» деген сөзден кейін «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын;

13-тармақ «көмек көрсету» деген сөздерден кейін «, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою, жаңарту тәртібімен басқа мемлекеттік органдардың балансына беру» деген сездермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

«15-1. Мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Операция жасау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік материалдық резервтің басқа мемлекеттік органдардың балансына берілген материалдық құндылықтарының құнын өтеу тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдар олардың балансына мемлекеттік материалдық резервтен жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарды берген сәттен бастап он күн мерзімде республикалық бюджеттің кірісіне берілген материалдық құндылықтардың құнын салу бағасынан төмен емес баға бойынша өтеуді қамтамасыз етеді.»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку