(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2014.30.01 № 36 БҰЙРЫҒЫНА 3...
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
3-қосымша
Осы редакция 2014 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет берушілер).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық);
«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) www.е.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
орталықта - жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қайтадан куәлікті қағаз жеткізгіште немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды электронды-цифрлы қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында беру не қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап.
порталда:
қайтадан куәлік алғанда - электронды өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама;
электрондық нысанда ЭЦҚ қойылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.
Редакция документа
Демо – версия документа