«І санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015.01.10. № 808 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 3 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
«І санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «І санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті көрсетеді:
1) мыналарды:
құрылыс өнеркәсібін (шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдіре отырып, магнезит, доломит және шамот өндірісін, стационарлық зауыттардағы асфальтбетон өндірісін);
ағаш өңдеуді;
тоқыма өндірісін және жеңіл өнеркәсіп өндірісін;
жануарлар өнімдерін өңдеуді;
тамақ және дәмін келтіретін заттарды өңдеуді;
ауыл шаруашылығы объектілерін;
санитариялық-техникалық, көліктік инфрақұрылым құрылыстарын, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілерді;
жүктерді қайта тиеу және сақтау қоймаларын, айлақтары мен орындарын, жүктер мен кемелер фумигациясы, газ дезинфекциясы, дератизация және дезинсекция өндірістерін;
кең таралғандары мен Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүзеге асырылатындарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлауды қоспағанда, кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес қауіптіліктің 1-сыныбына жататын негізгі өндіріс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;
2) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттарының жобалары;
Документ утратил силу
Демо – версия документа