«Қазақстан Республикасында әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етумен байланысты қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша тексеру парағының нысанын бекіту және «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 197 бұйрығы (2015.30.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасында әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етумен байланысты қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша тексеру парағының нысанын бекіту және «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 197 бұйрығы
(2015.30.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 39) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.30.10. № 1025 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7006 нөмірімен тіркелген, «Заң газетінің» 2011 жылғы 26 шілдедегі № 105 (2095), 2011 жылғы 27 шілдедегі № 106 (2096), 2011 жылғы 28 шілдедегі № 107 (2097), 2011 жылғы 29 шілдедегі № 108 (2098) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) абсолюттік биіктік - теңіздің орташа деңгейінен нүктенің немесе нүкте ретінде қабылданған объектінің деңгейіне дейінгі тік арақашықтық;
2) авариялық саты - белгісіздік сатысын, үрейлену сатысын немесе зілзала сатысын білдіретін ортақ термин;
3) авариялық фактор - авиациялық апатқа алып келуі мүмкін жағдай, құбылыс немесе жағдаят;
Демо – версия документа