Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.02.07 № 675 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 675 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті мекемеге қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.

3. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ғимаратын жер учаскесімен қоса сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.

5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікті қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ғимаратын жер учаскесімен қоса мекеменің теңгеріміне берсін.

6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мекеме жарғысының бекітілуін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку