«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 132 қаулысымен
бекітілген
«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттар қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - орталық) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«электрондық үкіметтің» www.e.egov.kz веб порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын орталыққа тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - 15 (он бес) минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа