«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 64 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 7 ақпандағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінқараңыз
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Документ утратил силу
Демо – версия документа