Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығына түсіндірме

«Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732
Жарлығына

 түсіндірме

 

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Мемлекет басшысының 2013 жылғы 10-11 қыркүйекте өткізілген Дамушы нарықтардың еуразиялық форумының қорытындылары бойынша тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген.

Тұжырымдама 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мақсатында елде әлеуметтік, экономикалық және институттық ортаны біртіндеп жетілдіру үшін негіз қалайды.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының ағымдағы жағдайын талдауды, ұзақ мерзімді жаһандық трендтердің, сын-қатерлер мен мүмкіндіктер сипаттамасын, елдің 2050 жылғы пайымын, стратегиялық даму бағыттарын және Тұжырымдаманы іске асыру тетіктерін қамтиды.

Қазақстанның 2050 жылға дейін ұзақмерзімді дамуының негізгі стратегиялық басымдықтары:

1) адами капиталды дамыту;

2) институттық ортаны жетілдіру;

3) ғылымды қажетсінетін экономика салаларын дамыту;

4) ғылымды қажетсінетін инфрақұрылымды жедел қалыптастыру;

5) әлемдік және өңірлік экономикаға интеграцияны тереңдету болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку