«Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 887 бұйрығы
«Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 887 бұйрығы
Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 тіркелген «Юридическая газета» газетінде 2011 жылғы 26 шілдедегі № 105 (2095), 2011 жылғы 27 шілдедегі № 106 (2096), 2011 жылғы 28 шілдедегі № 107 (2097), 2011 жылғы 29 шілдедегі № 107 (2098) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық:
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ӘҚҚ органдары нақты және болжамды метеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ оларға тиісті функцияларды орындау үшін қажетті жанартаудың қызметі туралы соңғы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.»;
408-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«408. Авариялық хабардар етумен:
1) диспетчерлік қызмет көрсету ұсынылатын барлық әуе кемелері;
Демо – версия документа