(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.21.07 № 748 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 және 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 748 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 29, 255-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры есептейтін әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы»;
Редакция документа
Демо – версия документа