2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (Мәскеу қ., 2013 жылғы 24 желтоқсанда)
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы
Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Мәскеу қ., 2013 жылғы 24 желтоқсанда)
ҚР 2014 жылғы 30 маусымдағы № 215-V Заңымен ратификацияланды
2015 жылғы 21 қаңтарда күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар)
2007 ж. 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты басшылыққа ала отырып,
2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 8-бабына сәйкес,
Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын өзге халықаралық шарттарын ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Келісімнің 3-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) 27-тобында сыныпталатын, 2014 ж. 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетілетін мұнай және мұнай өнімдері есепке алу мақсатында Ресей Федерациясында, егер олар Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетілетіндей түрде кедендік декларациялануға жатады.»;
2) Келісімнің 6-бабының екінші және үшінші абзацтары мынадай мазмұндағы мәтінмен ауыстырылсын:
«Қазақстан Тарапы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізуді жүзеге асырады.
Демо – версия документа