«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1368 Қаулысы
«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1368 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:
5-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының республикалық және облыстық маңызы бар орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, облыстардың прокуратураларының, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасы прокуратураларының, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да мамандандырылған прокуратуралардың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық бөліністерінің әкімшілік ғимараттары мен объектілері;».
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:
6-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа