(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.04.05. № 359 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы», «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы», «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы», «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 359 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Спорт резервін және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы», «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы», «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы», «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті, оның ішінде ресми халықаралық жарыстарға қатысу үшін спорт резерві мен ұлттық құрама командаларды даярлауды жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
Редакция документа
Демо – версия документа