(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.13.06 № 544 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 544 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 470-184-7-жолмен толықтырылсын:
«470-184-7 «Республикалық қосымша білім
беру оқу-әдістемелік орталығы»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-7-жолмен толықтырылсын:
«77-7. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»;
3) «Кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 наурыздағы № 211 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 10, 99-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа