(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.02.04 № 434 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 434 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
«2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысы мен «Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оны қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекеттік жүз пайыздық қатысумен «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетi» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекіту кезiнде қызметiнiң негiзгi мәнi:
экономика және басқару саласында жоғары біліктi мамандар даярлау және қайта даярлау;
экономика және әлеуметтiк ғылымдар саласында iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу деп белгiлесiн;
Редакция документа
Демо – версия документа