«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 906 Қаулысы (2014.26.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 906 Қаулысы
(2014.26.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
454, 462, 468-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«454. БИЖ тізбесі, әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.»;
«462. Концессиялық жобалардың тізбесі, әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа