Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Еркін сауда аймағы туралы шарт (Санкт-Петербург қ., 2011 жылғы 18 қазанда)

Ресми куәландырылған мәтін

 

Еркін сауда аймағы туралы
 шарт
(Санкт-Петербург қ., 2011 жылғы 18 қазанда)

 

ҚР 2012 жылғы 25 қазандағы № 46-V Заңымен ратификацияланды

2012 ж. 20 қыркүйекте күшіне енді

Қазақстан Республикасы үшін 2012 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер,

еркін сауда аймағының тиісінше және тиімді қызмет етуінің қажеттілігін ескере отырып,

тауарлардың еркін қозғалысы үшін жағдайлар қалыптастыру мақсатында,

әлемдік экономика мен халықаралық сауда жүйесіне кірігудің қажеттілігін түсіне отырып,

өз мемлекеті халықтарының өмір сүру деңгейін тұрақты арттыруға ұмтылысты басшылыққа ала отырып,

осы Шарт ережелерінің Тараптар арасында тауарлар сатуға қолданылатынын негізге ала отырып,

жалпыға бірдей қабылданған халықаралық құқық нормаларын мойындай отырып және ДСҰ келісімдері нормаларына, атап айтқанда 1994 XXIV бабын қоса алғанда, ТСБК 1994 бағдарға ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап
Анықтамалар

 

1. Осы Шартта қолданылатын ұғымдар мынаны білдіреді:

ДСҰ - 1994 жылғы 15 сәуірде Марракеште қол қойылған Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісімге сәйкес құрылған Дүниежүзілік сауда ұйымы;

ТСБК 1994 - 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісімнің 1А-қосымшасындағы 1994 жылғы Тариф және сауда бойынша бас келісім;

кедендік баждарға барабар төлемдер - тауарлар импорты немесе экспорты кезінде, сондай-ақ Тараптың ұлттық заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда, мақсаттары мен экономикалық тиімділігі бойынша кедендік баждарға ұқсас, кедендік баждар болып табылмайтын, әкелу немесе әкету рәсімдерін жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтердің құнының өтемақысымен және өзара саудада арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шараларын қолдануға байланысты емес алынатын төлемдер;

тауар импорты - кері әкету міндеттемесінсіз Тараптың кеден аумағына тауарлар әкелуі;

тауар экспорты - кері әкелу міндеттемесінсіз Тараптың кеден аумағынан тауарлар әкетуі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку