«Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 227 бұйрығы (күші жойылды)
«Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 227 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 187 бұйрығымен күші жойылды
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды тиімді пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6395 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу ережесінде (бұдан әрі - Ережелер):
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Осы Ереженің 34 және 35-тармақтарында айтылған ҚЭН, сондай-ақ қосымша материалдарды Әкімшілер титулдық бланкіде бірінші басшының немесе оны ауыстыратын тұлғаның немесе бірінші басшының орынбасарының немесе жауапты хатшының қолы қойылған жеке ілеспе хатпен, сондай-ақ электрондық көшірмесін қоса тіркей отырып ұсынады.
Ілеспе хатта ҚЭН-нің атауы, мәлімделетін сома және Инвестициялардың жүзеге асырылу жылы, қоса берілген құжаттар тізбесі көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа