Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 200 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 200 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8399 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Бюджеттік өтінім:

стратегиялық жоспар жобасының және (немесе) стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобасының;

стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының;

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 санымен тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - Бірыңғай бюджеттік сыныптама) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы негізінде жасалады;

өткен жоспарлы кезеңнің бюджеттің өтінімінің;

есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептің;

заттай нормалардың.»;

6-тармақта:

20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«20) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынып отырған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік кредиттеудің орындылығы туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын;»;

25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«25) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган сұрататын басқа да қажетті ақпаратты қамтиды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку